ҚР Әділет министрлігінде жаңа әкімшілік реформалар және мемлекеттік қызмет туралы заңнамадағы өзгерістер тақырыбына арналған онлайн-конференция өтеді
Бұл туралы ҚР Әділет министрілігінң баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шара мақсаты - аймақтарда жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлердің қызметіндегі жаңа ережелерді түсіндіру.
2012 жылғы 16 қарашадағы «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мемлекеттік органдар аппараттары жұмысының тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге, жауапты хатшылар институтын нығайту арқылы меритократия принципі бойынша мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін арттыруға бағытталған.
Атап айтқанда: кадрлық резервпен жұмыс тәсілдері өзгертілді; енді мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органдар құрылымының негізсіз өзгертілуінен қорғалады; мемлекеттік қызметке түсуге ниетті азаматтар келу тәртібі бойынша ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінде заңнаманы білуіне тестілеу өту мүмкіндігіне ие. Бос қызмет орнын басу конкурсына қатысуға тестілеуді сәтті тапсырған тұлғалар құқылы.
Осы және мемлекеттік қызметкерлер жұмысындағы басқа да жаңалықтар бойынша толық жауаптар беріледі. Спикерлер: ҚР Әділет министрлігінің Кадр департаментінің директоры Қанат Тәжібаев; ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті өту бөлімінің меңгерушісі Тоқтамыс Жұмағұлов; ҚР Әділет министрлігі Стратегиялық жоспарлау және ұйымдастыру-талдау жұмысы департаментінің директоры Исидор Борчашвили.