ҚР Конституциясы қабылдауының 15 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған спартакиадаға жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар қатысты.
Спартакиаданың салтанатты түрде ашылу барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны шырқалып, спорттық спартакиадаға қатысушыларды және спартакиаданы ашу үшін құттықтау сөз Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Марат Сексембаев құттықтады. Ол өз сөзінде қатысушы командаларға осы спорттық ойындарда сәттілік тіледі.
«Президенттік шақырым - салауаттылыққа апаратын жол» ұранымен 2400 метр қашықтыққа жаппай жүгіру ұйымдастырылды. Осы іс-шараның бағдарламасына сәйкес дойбыдан турнир, бильярд, үстел теннисінен жарыстар, қызықты эстафета өткізілді. Спартакиаданың жабылу салтанатында осы іс шараның жеңімпаздары марапаттау қағаздарымен, бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Сұлу да көркем өңірлердің бірі Бурабайда республикамыздың түкпір-түкпірінен жиналған спортшыларға Бурабай курортты аймағында экскурсия ұйымдастырылды, сонымен қатар шағын концерт әзірленіп, талантты, өнерлі қызметкерлерге бағалы сыйлықтар берілді.