«Реестрге сәйкес, Әділет министрлігіне мемлекеттік қызметтің 53 түрі бекітілген, оның ішінде министрлікпен тікелей 40 қызмет түрі көрсетіледі, 9 - жергілікті атқару органдарымен және төрт қызмет «Үкімет азаматтар үшін» мемлекттік корпорациясымен атқарылуда»,-деді ведомство басшысы.
Осы ретте ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатқандығын жеткізді.
«Халық үшін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және меморгандар қызметіне азаматтардың сенім арттырудың маңызды аспектісі болып табылады»,-деді Б. Имашев.