ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті 2009 жылғы тоғыз айдың қорытындысын шығарды

АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті 2009 жылғы тоғыз айдағы пенитенциарлық жүйе қызметінің қорытындыларын шығарды,

деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Тоғыз ай ішіндегі тәртіптік практикаға жасалған талдау өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда сотталғандар арасындағы белгіленген жазаны өтеу тәртібін бұзушылар санының азайғандығын көрсетті.

Бұрын түрмеден қашқан және жазаны өтеуден жалтарған сотталғандарды іздеу санының азайғаны аталып өтті, алқа жиналысында.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және адал емес қызметкерлерден қатарды тазарту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында қылмыстық-атқару жүйесінің өз қауіпсіздік қызметкерлерінің күштерімен 29 заң бұзушылық анықталды.

Алқа отырысының қорытындысымен республиканың барлық пенитенциарлық жүйесінің қызметтерін жақсартуға, адамдардың конституциялық құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауға бағытталған шешім қабылданды.