«Жыл сайын Әділет министрлігіне заңгерлік сараптамаға орташа есеппен 70 заң жобасы, 2 мың Президент пен Үкіметтің акт жобалары, сонымен қатар 10 мың акт орталық және жергілікті органдардан түседі», - деді З.Баймолдина.
Ол әділет органдарының негізгі міндеттерінің бірі - ұлттық заңнаманы құру жұмыстарына қатысу екенін айтып өтті. Аталмыш міндет әділет органдарының нормативтік-құқықтық акті жобаларына заңгерлік сараптама, заң жобасын үйлестіру қызметі және жоспарлау жасау арқылы іске асырылады.
Сонымен қатар, З.Баймолдина өткен жылы әділет органдарының барлық әлеуеті Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша белгіленген «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын дер кезінде сапалы заңнамамен қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты, деп жазады primeminister.kz.