ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы Сенатқа жіберілді

АСТАНА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Депутат Сәт Тоқпақбаевтың сөзіне қарағанда, аталмыш заң жобасы механикалық көлік құралы жүргізушісінің өзінде болуға тиіс құжаттар тізбесінен талонды алып тастау мақсатында әзірленген. Заң жобасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстегі әкімшілік жауапкершіліктердің жүргізуші куәлігінде көрсетілмеуін қарастырады. Құжат қосымша қаржыны талап етпейді және оның келеңсіз әлеуметтік, экономикалық салдарлары болмайды.Заң жобасын депутаттар бірауыздан қолдап, оны Сенаттың қарауына жіберу қажет деген шешімге келді.