ҚР алғашқы қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовті жерлеуді ұйымдастыру бойынша Үкіметтік комиссия құрылды

АСТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР алғашқы қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовті жерлеуді ұйымдастыру бойынша Үкіметтік комиссия құрылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Комиссияға ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев басшылық жасайды.

Сағадат Нұрмағамбетовпен қоштасу рәсімі Алматыда 26 қыркүйек күні таңертеңгі сағат 10-да өтеді.