Аталмыш жоба аясында 350 рұқсат беру құжатын реттейтін 5 мемлекеттік қызмет автоматты түрде жүзеге асырылатын болады. Бұл туралы агроөнеркәсіптік кешенде сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жою жөніндегі Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттерді талқылауға арналған жиын барысында таратылған баспасөз баянында айтылды.
Министрліктің мәліметтері бойынша, Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымынан ішкі аудит қызметі жолға қойылып жүзеге асырылуда. Аталмыш қызметтің мақсаты - еліміздің бюджеттік және өзге де заңдарының, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы сияқты бағыттар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға баға беру.
Сонымен қатар осы уақытта министрліктен мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігін арттыруға бағытталған 3 қоғамдық кеңес құрылған. Олар ветеринария мен асылтұқымды мал, жерді игеру мен фитосанитариялық қауіпсіздік, табиғат ресурстарын пайдалану сияқты бағыттарды қамтиды және аталмыш кеңес құрамына үкіметтік емес ұйым өкілдері де енгізілген. Осылайша жемқорлықпен күрес жұмыстары мемлекеттік қызметті ғана емес, азаматтық қоғамды да қамтып отыр.