«Ауыл шаруашылығы дақылдарын дер кезінде егу үшін техника паркін жаңарту қажет. Техниканы алуға жағдай жасау мақсатында биыл министрлік тарапы ауыл шаруашылығы техникасын сибсидиялауды жоспарлап отыр, яғни оның құнының 25 пайызына дейінгі шығыны өтелмек»,-деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, бұл бағдарламаны қаржыландыру ынталандырушы емес субсидияларды қысқарту есебінен жүзеге асырылмақ.
«45 млрд. теңге көлеміндегі босаған қаржы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге инвестициялық қаржы бөлген кезде, оның ішінде ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу үшін жұмсаған шығындарының орнын толтыру бойынша субсидиялауға бағытталады»,-деп түйді Ажар Қаджыбекова.