Министрлікте сондай-ақ ұлттық белгіге негізгі талаптарды белгіледі.
Белгіде экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімі екендігі және Қазақстан Республикасымен қатыстылығы көрініп тұруы тиіс. Сондай-ақ шет тілінде логотипі болуы керек, деп жазылған АШМ хабарламасында.
Бұдан басқа, органикалық өнімнің қазақстандық ұлттық белгісін тану оңай болуы және оң эмоцияға негізделуі айтылған.
Жеңімпазды анықтау үшін конкурстық комиссия құрылады, құрамына ҚР АШМ, «Атамекен» ҰКП, органикалық өнім өндірушілер өкілдері кіреді.