Баспасөз қызметінің хабарлауынша, уақытша шеттету себептері әлі белгісіз.
Ислам Әбішев 1956 жылдың 12 мамырында Өзбекстан Республикасы Ташкент облысының Шыназ ауданындағы Құтша ауылында туған. 1978 жылы Қазақ политехникалық институтын инженер-электрик мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Өскемен қаласының әкімі және Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды.