ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің жаңа басшысы тағайындалды

АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Ислам Әлмаханұлы Әбішевті ведомствоның Су ресурстары комитетінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы бұйрыққа қол қойды.

Бұл туралы А.Мамытбеков өзінің Twitter-дегі микроблогында хабарлады.