Осы орайда министр Қазақстанда 2014-2020 жылдарға арналған сүтті мал шаруашылығын дамыту бойынша шеберлік жоспары бекітілгенін айтып өтті. «Шеберлік жоспардың мақсаты - республикада сүт өндірісінің көлемін 2020 жылға қарай 1,7 млн. тоннаға арттыруға негізделген. Бұл өз кезегінде сүт импортын айтарлықтай төмендетуге, сондай-ақ еліміз халқының тұрақты өсуін ескере отырып, жан басына шаққандағы тұтыну нормасын арттыруға мүмкіндік береді», - деді А. Мамытбеков.
Министрліктің мәліметіне қарағанда, 2011 жылы сүт және сүт өнімдерінің импорты 908 мың тоннаны құраған, ал 2012 жылы бұл көрсеткіш 903 мың тонна болды немесе еліміз бойынша жалпы тұтыну деңгейінің 21 пайызы.