Алғаш рет Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде ҚР ҚК барлық әскер түрлерінің өкілдері қатысқан ерекше акция өтті. Әскери теңізшілер, авиаторлар және десантшылар Отан қорғаушы күні қарсаңында шынайы құттықтау үшін бас қосты.
Қару ұстауды көркем түрде нақышына келтіріп орындап, мерекелік күн «7» санын көрсететін сап түзеді. Аталған акция ҚР ҚК қатарындағы үздік саптық даярлық бойынша өткізген «7 Мамыр» байқауының қорытындысы болғанын айта кеткен жөн. Іс-шараға бірнеше әскер түрлері мен бөлімшелерінің әскери қызметшілері қатысты. Байқауда үздік даярлық көрсеткен жеке взводтар мен әскери бөлімдер ерекше акция арқылы өз шеберліктерін танытты. Олардың арасында Ақтаудағы 25744, Астанадағы 32363, Өскемендегі 27943 әскери бөлімдерінің, ҚР ҚМ құрметті күзет ротасы, сондай-ақ ҚР ҚК арнайы мақсаттағы үздік взводтар мен ҚР Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері бар. ҚР ҚМ құрметті күзет ротасының әскери қызметшілері акция барысында сапта қару қолдануды көркем түрде нақышына келтіре орындап парадтың салтанатты элементтерін көрсетті. Осы орайда, байқау жеңімпаздары барлық төрт тізбектің дәл қосылуы арқылы сапқа тұрып баранбан дауысымен Отан қорғаушы күні «7» санын көрсетті.