ҚР аумағына уақытша әкелінетін тауарларды қосылған құн салығын төлеуден босату қағидалары бекітілді

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1655 қаулысымен Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінетін тауарларды қосылған құн салығын төлеуден босату қағидалары бекітілді.

***

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1655

2011 жылғы 30 желтоқсан,    Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінетін тауарларды қосылған құн салығын төлеуден босату қағидаларын бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 276-15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінетін тауарларды қосылған құн салығын төлеуден босату қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2012 жылгы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
К.МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2011 жылғы 30 желтоқсандағы  № 1655 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінетін тауарларды қосылған құн салығын төлеуден босату қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аума­ғына уақытша әкелінетін тауарларды қосылған құн салығын төлеуден босату қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 276-15-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленген және Кеден одағына мүше мемлекеттердің аума­ғынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды, оның ішінде көлік құралдарын уақытша әкелген кезде қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) төлеуден босату тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың мақсатында:
1) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағы­на тауарларды уақытша әкелу (бұдан әрі - уақытша әкелу) - әкелінген тауарлардың қасиет­тері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақ­стан Республикасының аумағынан әкету туралы міндеттемемен тауарларды, оның ішінде көлік құралдарын әкелу;
2) міндеттеме - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша салық төлеу­шінің уақытша әкелінген тауарларды, оның ішінде көлік құралдарын Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның аумағынан кейіннен әкету туралы міндеттемесі;
3) есеп - салық төлеушінің міндеттемені орындау туралы есебі.
2. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінетін тауарларды қосылған құн салығын төлеуден босату тәртібі
3. Тауарларды, оның ішінде көлік құрал­дарын Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелген кезде ҚҚС төлеуден босату бір мезгілде мынадай шарттар орындалған:
1) тауарлар, оның ішінде көлік құралдары Салық кодексінің 276-15-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бе­кіт­кен Кеден одағында ҚҚС төлеуден боса­ты­лып, Қазақстан Республикасының аумағына уа­қытша әкелінетін тауарлар тізбесіне енгізілген;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімде міндеттеме табыс етілген;
3) уақытша әкелінген тауарлардың орналас­қан орны міндеттемеде көрсетілген орналасқан орынға сәйкес келген;
4) тасымалдаудың, сақтаудың немесе пайда­ланудың қалыпты жағдайында табиғи тозу немесе табиғи шығын болу салдарынан болған өзгерістерді қоспағанда, уақытша әкелінген тауарлар өзгеріссіз күйде қалған кезде беріледі.
Ұсақ жөндеу операцияларын, техникалық қызмет көрсетуді және тауарларды қалыпты күйде ұстау үшін қажетті басқа да операция­ларды қоса алғанда, олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операциялар жасауға болады.
4. Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісімен (төлеушімен) тауарларды уақытша әкелуге негіз болған шарт (келісімшарт) жасас­қан Қазақстан Республикасының салық төлеу­шісі Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды, оның ішінде көлік құралдарын уақытша әкелуді жүзеге асырған салық төлеу­ші­нің орналасқан орны бойынша салық органына табыс етілетін міндеттемеге басшы мен бас бухгалтердің (ол болған жағдайда) қолдарымен, сондай-ақ салық төлеушінің мөрімен (болған жағдайда) куәландырылған мынадай құжаттар­дың көшірмелерін қоса береді:
1) тауарларды уақытша әкелуді жүзеге асыруға негіз болған Қазақстан Республика­сының салық төлеушісі мен Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісі (төлеушісі) арасында жасалған шарт (келісімшарт) немесе өзге құжат;
2) уақытша әкелінген тауарлардың Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан Қазақ­стан Республикасының аумағына өткізілгенін растайтын тауарға ілеспе құжаттар.
5. Салық төлеуші табыс еткен міндеттеме негізінде салық органы Қазақстан Республи­ка­сының салық заңнамасына сәйкес әкелу күніне төлеу мерзімі бойынша бюджет сынып­тама­сы­ның кодтары бойынша салық төлеушінің тиісті дербес шоттарына ҚҚС есептеуді жүргізеді.
Бұл ретте КҚС төлеу мерзімі тауарларды уақытша әкелу мерзіміне кейінге қалдырылады және өсімпұл есептелмейді.
6. Уақытша әкелінген тауарлар міндеттемеде көрсетілген мерзімге дейін және салық органы­на есеп табыс етілгенге дейін әкетілген кезде, салық төлеушінің дербес шотында бұрын есептелген ҚҚС сомасы түзетілуге тиіс.
7. Тауарларды уақытша әкелу кезінде ҚҚС төлеуден босату міндеттемеде көрсетілген мерзімге беріледі.
8. Әкелу кезінде ҚҚС төленбеген Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген тауарлар әкетілмеген жағдайда, тауарларды мұн­дай әкелу салық салу мақсатында салық салы­натын импорт деп танылады және Қазақ­стан Республикасының аумағына тауарлар әке­лінген күннен бастап Салық кодексінің 268-бабының 1-тармағында белгіленген ставка бойынша ҚҚС салуға жатады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының аума­ғына уақытша әкелген тауарлардың әкетілмеуі:
1) Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген тауарларды міндеттемеде көрсетілген мерзімдерде Қазақстан Республика­сының аумағынан әкетпеу;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мерзімдерде міндеттемені және (немесе) есепті табыс етпеу;
3) мұндай тауарларды уақытша әкелуді жү­зеге асырған салық төлеушінің уақытша әкелінген тауарларды сатып алуы;
4) уақытша әкелінген тауарларды басқа тұлғаға беру;
5) уақытша әкелінген таудрлардың міндетте­меде көрсетілген орналасқан орны бойынша болмау фактісін анықтау;
6) тауарларды осы Қағидалардың 3-тар­мағының 4) тармақшасында көзделген шарттарды бұза отырып әкету болып танылады.
Бұл ретте салық қызметі органдары Салық кодексінің 276-8-бабының нормаларына сәйкес салық салынатын импорт мөлшерін түзетеді.
9. Осы Қағидалардың 8-тармағы 3) тармақ­шасында көрсетілген жағдайда, салық төлеуші бұрын табыс еткен міндеттемені қайтарып алу жолымен Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (өті­ніштер) беруге құқылы. Бұл ретте салық салы­натын импортты жасау күні мұндай тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу күні ретінде айқындалады.
Осы тармақтың мақсаттары үшін аталған тауарлар бойынша салық салынатын импорттың мөлшері тауарлар, оның ішінде тауарлардың құны және тауарларды уақытша әкелу туралы шарттың (келісімшарттың) ережелеріне сәйкес салық төлеуші шеккен басқа да шығыстар туралы мәліметтерді растайтын құжаттар негізінде айқындалады.
10. Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан тауарларды, оның ішінде көлік құралдарын өткізу және (немесе) беру, сондай-ақ табыс алуға бағыт­талған қызметті (көрмелерді, жәрмеңкелерді қоспағанда) жүзеге асыру мақсатынсыз уақыт­ша әкелген кезде, осы Қағидалардың 3-тар­мағының 1), 2) және 3) армақшаларында көз­делген шарттарды сақтау талап етілмейді.