ҚР аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квота белгіленді

АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов «Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квотаны белгілеу туралы» №1673 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ресми БАҚ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1673

2012 жылғы 25 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квотаны белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2013 жылға арналған квота республиканың экономикалық жағынан белсенді халқына шаққанда 1,2 пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.