ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бөрлі ауданы прокуратурасы ойын бизнесі туралы заңнаманың қолданылуына мониторинг жүргізу барысында елімізде екі ірі (казиногранд.рф, www. Pokerstars1.com) сайттың (ойыншыларының саны - 1,5 млн. адам) заңсыз қызмет етіп келгенін анықтады.
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Бөрлі аудандық соты аудан прокурорының талабын толық қанағанттандырды. Сот шешімімен ҚР аумағында аталған қос сайттың қызметіне тыйым салынып, тоқтатылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).