Республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты қар жауады.
Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде тұман түсуі ықтимал.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде қатты аяз күтіледі, Қарағанды облысының кей жерлерінде өте қатты суық болады.
Түнде Ақмола, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының бірқатар аймақтарында қатты аяз күтіледі, Алматы облысының солтүстігінде өте қатты аяз болады.
Алдағы тәулікте Қазақстанның көптеген су нысандарында мұз қату күшеюі ықтимал. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысының жекелеген өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін.