ҚР Ауыл шаруашылығы министрі бастаған делегация «Белагро-2012» ХХІІ халықаралық мамандырылған көрмесіне қатысады

АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың 5-6 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков жұмыс сапарымен Беларусь Республикасына барады.

Министр онда «Белагро-2012» ХХІІ халықаралық мамандырылған көрмесіне қатысатын болады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарланды.

Сондай-ақ министр сапары барысында Беларусь Республикасының ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрімен кездеседі.

Сонымен қатар Асылжан Мамытбеков мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, АӨК субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсету, сондай-ақ азық-түлік және қайта өңдеу өндірісіне қатысты мәселелерді талқылауды жоспарлап отыр.

Министрдің басшылығымен делегацияның іс-сапар бағдарламасы ресми келіссөздер өткізумен, сан алуан профильді фермерлік шаруашылықтарды және ауылшаруашылық техникасын жасайтын зауыттарды аралаумен, сондай-ақ Беларусь мемлекеттік аграрлық техникалық университет кешенін аралаумен жалғасады.