ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауылшаруашылық жануарларының кепілін тіркеу қағидаларын бекітті
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы № 3-3/222
2012 жылғы 27 сәуір,Астана қаласы
Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңының 6-бабының 1-тармағының 5-1) тармақшасын жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидалары бекітілсін.
2. Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков.
Ауыл шаруашылығы жануарларының кепілін тіркеу қағидалары республикалық БАҚ-тарда жарияланды.