Оның айтуына қарағанда, ағымдағы жылы жиналатын майлы дақылдардың жалпы көлемі 780 мың тоннаны құрайды деп болжанып отыр. Жиналған өнімнен шамамен 270 мың тонна өсімдік майы алынады. Бұл ішкі нарықты өсімдік майымен толық қамамасыз етуге жеткілікті.
«Сонымен қатар негізгі экспорттаушы елдердегі, әсіресе Украина мен Ресейдегі майлы дақылдардың жалпы түсімінің төмендеуі шикізаттың сыртқа ағылуына әрі дайын өнімнің құнының өсуіне алғы шарт болуы мүмкін», деді ол өз сөзінде.
Министр қорғану шарасы ретінде үшінші ел үшін, мәселен Ресей Федерациясына, майлы дақыл тұқымына экспорттық кедендік баж салығын енгізуді ұсынды. Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта сәйкес қаулы жобасы барлық мемлекеттік органдармен келісілген.
Сондай-ақ А.Күрішбаев өсімдік майларының барлық түрлерін, оның ішінде зығыр мен рапсты қоспағандағы майлы дақылдар тұқымына республикадан тысқары шығаруға уақытша шектеу қою туралы мәселе талқыланғандығын атап өтті.