АШМ-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш ақпарат оқырмандардың наразылығын тудырып отырғандығы орынды. Себебі, азық-түлік тауарлар бағасының қазіргі жағдайында мемлекет азық-түлік шикізаттарын биоотын өндіруге жұмсамақ деген пікір туындайды.
Түсініктеме берген АШМ, ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 1 наурызындағы №204-ші қаулысы биоотынның шығару жоспарланған көлемін емес, елдің азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтірмей, Қазақстан Республикасында биоотын өндіруі мүмкін болатын зауыттардың барлығының өндірістік қуаттарын (барынша мүмкін) қоса есептегендегі көлемін көрсететіндігін айтты. Онымен бірге, зауыттардың құрылысы мен биоотынның өндірісі бойынша ешқандай талаптар мен жоспарлар туралы міндеттемелер қойылып отырған жоқ.
Ведомствоның баспасөз қызметі анықтап бергендей, бүгінгі күні республикада биоотын өндіретін тек бір ғана зауыт (Солтүстік Қазақстан облысы Тайыншы ауданындағы «Биохим» АҚ) жұмыс істейді. Оның бір жылдық өндіріс қуаты 57 млн. литрді құрайды.