ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұрынғы шенеунігі 4 жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат ҚР Ауыл шаруашылығяы министрлігінің бұрынғы жоғары лауазымды шенеунігі Арман Құмашев 4 жылға түрмеде отыруға сотталды, деп хабарлады 24.kz телеарнасы.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары өткен жылы бюджеттік қаржыны ұрлауға айыпталып тұтқындалған болатын.

«Астана аудандық соты Құмашевті ҚР ҚК-нің 4 бөлімі 307-бабымен («Қызметтік өкілдігін асыра пайдалану») айыпты деп таныды. Оған 4 жыл мерзімге бас бостандығын айыруға жаза тағайындалды, ол сондай-ақ 5 жылға дейін мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды», - деп хабарлады соттан.

Шенеунік Қарағанды облысындағы Сәтбаев атындағы арнаның сорғы стансасын жөндеуге бөлінген 5 миллиард теңгеге жуық қаржыны ұрлауға айыпталды. Тергеудің пайымдауынша, нақ осы мемлекеттік ақшаға Арман Құмашев Астанадан үй, элиталық аудандардан 3 пәтер, бильярд бөлмесін және «люкс» класындағы автомобиль сатып алған. Қаржы полициясы шенеуніктің мүлкін тұтқындады.