Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан фермерлерінің 3-республикалық конференциясында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сақташ Хасенов мәлім етті.
«ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жүйесіндегі рұқсатнамалық құжаттар пакетінің бір бөлігі жергілікті билік органдарының құзырына көшетіндіктен, олардың саны қысқартылады. Қолға алынған шара кәсіпкерлік субъектілеріне өз қызметін жылдам әрі тиімді үйлестіруіге мүмкіндік береді»,-деді С. Хасенов.
Сонымен қатар ол конференция барысында Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені алдында егістік жерлерді әртараптандыру, соның ішінде майлы дақылдардың егістіктерін көбейту мәселесі тұрғандығын, сондай-ақ ылғалды ұстап тұратын технологияларды енгізу және суарылатын жерлер санын көбейту қажет екендігін баса айтты.