Еске сала кетейік, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Бейжің Олимпиадасында допинг-сынамасы оң нәтиже берген зілтеміршілердің тізімін жария етті. Олардың қатарында төрт қазақстандық спортшы: Владимир Седов, Майя Манеза, Мария Грабовецкая мен Ирина Некрасова бар.
Халықаралық олимпиада комитетінің және Дүниежүзілік антидопингтік агенттіктің ережелеріне сәйкес, Лозаннада ҚР ҰОК өкілдерінің қатысуымен «Б» допинг-сынамасын қайта тексеру шарасы өтті, онда да спортшылардың қанынан тыйым салынған заттар анықталды. Олардың қатарында Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло және Майя Манеза да болған еді.