Онда 32 елден 300-ден астам спортшы азиялық құрлықтың ең күштілері атағы үшін 15 салмақ санатында (8 ерлер және 7 әйелдер) сайысқа түседі. Чемпионатта 13 олимпиадалық жолдама сарапқа салынады.
Атап өтейік, ауыр атлетикада лицензиялар атаулы емес. Алайда Олимпиадаға қатысу үшін спортшылар Халықаралық ауыр атлетика федерациясы белгілеген кемінде екі іріктеу сайысына қатысуы тиіс.
ҚР ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі түсіндіргендей, Қазақстан құрамасы екі әлем чемпионатынан кейін спортшыларымыз үздік нәтиже көрсетіп, тарихта тұңғыш рет лицензиялардың толық жиынтығына (6 ерлер және 4 әйелдер лицензиясына) ие болды.
Ташкентте біздің республикамыз атынан 2009 жылғы әлем чемпионы Владимир Седов пен 2013 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионы Денис Уланов қатысады.
«Осы чемпионатта біздің спортшыларымыздың алдына бір ғана міндет - Олипиада ойындарына қатысу үшін жетіспей тұрған бір лицензияны алуы тиіс. Бұл біріншілік те лицензиялық, бірақ та қазірдің өзінде бізде лицензиялардың толық жиынтығы болғандықтан , біз үшін ең бастысы - қатысу. Ташкентке бұрын жоспарланған бес спортшының орнына екеуі ғана - Уланов (85 келі) пен Седов (94 келі) барады. Альберт Линдер Тбилисиде маусымның соңында болатын жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын болды, ал Мария Грабовецкая мен Рүстем Сыбай жарақаттанып қалды», - деді құраманың бас жаттықтырушысы Алексей Ни.