ҚР Бас әскери прокуратурасы: Қызметтестеріне әлімжеттік жасаған әскерилерді қамауға алуға санкция берілді

АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Бұған дейін хабарланғандай, 2012 жылдың 20 маусымында Өскемен әскери-тергеу басқармасымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 132 бабының тәртібіне сәйкес, келісімшарт бойынша қызмет ететін әскерилер мен 2017 әскери бөлімі «Терсайрық» шекара заставасының бастығы ұсталды.

2012 жылдың 22 маусымында ұсталған азаматтарға ҚР ҚК-нің 380-1 бабы, 2 бөлімінің «а», «в» тармақтарымен қарастырылған қылмыстарды жасауда айыптар тағылды, деп хабарлады ҚР Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметінен.

Сол күні Өскеменнің әскери прокуратурасына айыпталушыларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қаулы жолданды. Оны гарнизонның әскери прокуроры қолдады.

Келесі күні Өскемен гарнизонының әскери соты айыпталушыларға қатысты 2 (екі) айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Тергеу амалдары жалғасуда.