«Сараптама нәтижесі біздің тергеушілердің қолына түскеннен кейін қоғам назарына жеткізетін боламыз. Берген жауабынан бас тарту - бұл айыпталушының процессуалды құқығы әрі оның қорғану тәсілдерінің бірі. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 23 бабындағы ережеге сәйкес қылмыстық сот өндірісі тараптардың, яғни айыптау мен қорғаудың жарыссөзі мен тең құқылығы ұстанымы негізінде жүзеге асырылады. Күдікті және айыпталушы өзінің кінәлі екендігін еркін жоққа шығаруға немесе өзін кінәсіз санауға мүмкіншілігі бар. Владислав Челахтың ісі бойынша тергеу заңға сәйкес қатаң жүргізілуде. Тергеу амалдары жалғасуда», - деді ҚР Бас әскери прокуратурасының баспасөз хатшысы Акбар Әбділдин ҚазАқпарат тілшісіне.
13:16, 26 Шілде 2012
ҚР Бас әскери прокуратурасы В.Челахтың өз жауаптарынан бас тартуына байланысты пікір білдірді
АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Бас әскери прокуратурасы В.Челахтың өз жауаптарынан бас тартуына орай пікір білдірді.