ҚР Бас көлік прокуратурасы Алматы облысында апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағынан екі адамның денесі табылғанын хабарлады

АСТАНА. 29  қараша. ҚазАқпарат  - ҚР Бас көлік прокуратурасы ТЖМ-ға сілтеме жасай отырып, Алматы облысында апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағынан екі адамның денесі табылғанын хабарлады.

«18 сағат 30 минутта оқиға орнынан қазаға ұшыраған алты адамның денесі, ал біршама уақыттан кейін - тағы екі адамның денесі табылды. Іздестіру жұмыстары жалғастырылуда», - делінген ҚР Бас көлік прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарламасында. .

Еске сала кетейік, ТЖМ мәліметтері бойынша, жоғалып кеткен тікұшақтың бөлшектері Алматы облысының Үшарал қаласынан Достық стансасына қарай 90-95 шақырым жерде, Достық-Үшарал  жолының сол жағынан 5-7 шақырым, Алакөл көлінен 15-20 шақырым жерде табылған. Тікұшақ елеулі бүлінген, құйрық жағы ғана аман қалған.

Оқиға орнына тергеу-жедел тобы мен авиация саласының мамандары ұшып шықты.