ҚР Бас мүфтиі қазақстандықтарды сабырлылыққа шақырды

None
АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Бас мүфтиі, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы оқиғаларға байланысты қазақстандықтарға ресми үндеу жолдады. Оның Жолдауы Алматы қаласы Орталық мешітінің www.meshet.kz сайтында орналастырған.

Құрметті қазақстандықтар, жаңаөзендік бауырлар!

Жаңаөзен қаласында болған бұл қайғылы оқиғаны жұмыс сапарында жүріп естіп, қайтып оралуға асықтым.

Өткен жылы мен Ақтау қаласында халқымызды тыныштыққа, ағайынгершілікке және сабырға шақырып, адамгершіл идеяны уағыздаған ұлы Бекет-атаның 260 жылдығын мерекелеуге байланысты жұмыс сапарында болған едім.

Қасиетті Құранда «Аллаһ шынында да сабырлылармен бірге» деп жазылған. Қандай қиыншылық, күрделі жағдай болса да, бірлесе отырып шешу қажет. Өйткені біздің үйімізде тыныштық пен келісім боғанда ғана біз табысқа жетеміз, оған күмән жоқ.

Мен Жаратқанға жалбарынып, барлық қазақстандықтарды, әсіресе маңғыстаулықтарды сабырлылыққа және тәртіп сақтауға шақырамын, өйткені қазақ халқы қашан да - дана халық, төзімді халық.

Мен Жаратқаннан біздің халқымызға, біздің елімізге мейіріміңді төге көр деп жалбарынам! Аллаһтың мейірімі шексіз.