ҚР Бас прокуратурасы: А.Мешімбаеваны экстрадициялау мәселесі шешілуде

АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - А.Мешімбаеваны РФ елінен экстрадициялау мерзімі нақты белгісіз.

Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлім етті.

«Мешімбаеваны экстрадициялау мәселесі белгілі процедураның аясында шешілуде. Ол үшін А.Мешімбаеваның азаматтығын анықтап алу қажет. Ресей Федерациясы бұл мәселемен белсенді түрде айналысуда», - деді И.Меркель.

«Бүгінде бұл жұмыстың нақты қай мерзімде аяқталатыны туралы айту қиын. Кез келген қылмыстық-процессуалдық заңнамаға сәйкес шешімге қарсы шағым беру процедуралары бар. Мешімбаева бұл шешімге қатысты аудандық соттан бастап РФ-ның Жоғарғы сотына дейін шағым беруге құқылы. Оған біршама уақыт қажет. Сонымен бірге ол РФ-ның құзырлы органдарына өзіне босқын мәртебесін беру жөнінде сұраныс жасай алады», - деп атап өтті И.Меркель.