ҚР Бас прокуратурасы еліміздің қай өңіріне көлік апаты жиі болатынын мәлімдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статитиска және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтеріне сәйкес, республика бойынша 2016 жылдың 3 айында 3570 жол-көлік оқиғасы болса, соның 30 пайызы Алматы қаласында орын алып отыр.

2016 жылы бұл аймақта адамдардың дене жарақатына және кісі өліміне алып келген 1153 ЖКО тіркелген.

Апат аз болатын өңір Солтүстік Қазақстан облысы болып отыр, онда осы кезеңде 34 ЖКО орын алған.

ЖКО фактілерінің азаюы Атырау (90/56), Қостанай (102/81) және  Қызылорда  (77/65) облыстарында байқалады.

Апаттан жарақат алушылар санының өсуі осы жылы Ақтөбе (123/146) және Жамбыл (241/268) облыстарында байқалады.

Жамбыл (461/422) және Батыс Қазақстан (137/117)  облыстарында  жол-көлік оқиғалары санының артуына байланысты онда жарақат алғандардың саны өскендігі байқалады.