ҚР Бас прокуратурасы институтында прокурорлық-тергеу қызметінің даму болашағы талқыланды

АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы институтында жұма күні прокурорлық-тергеу қызметінің даму болашағын талқылауға арналған ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті,

деп хабарлайды институттың баспасөз қызметі.

Іс-шара барысында белгілі қазақстандық және ресейлік ғалым-заңгерлер, жоғары оқу орындары мен ҚР ҰҚК, ІІМ, ЭЖҚҚКА оқу орындарының өкілдері, ҚР Бас прокуратурасы аппаратының басшылары «прокурорларға қылмыстық істерді тергеуге құқық беретін қылмыстық-процессуалдық заңнамаға енгізілген соңғы өзгертулерге байланысты ҚР тергеу қызметін дамытудың» бірқатар маңызды мәселелерін талқылады.