ҚР Бас прокуратурасы өкілеттігін асыра пайдаланған СҚО тұрғынын ақтаған аппеляциялық сот алқасының шешіміне наразылық білдірді

АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 13 қарашасында Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасы Бас прокурордың наразылығын қарады.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық қудалау органы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Беленковты билігін және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны және жалға алған пәтерде Ресей Федерациясының азаматшасын оның еркінен тыс заңсыз ұстағаны үшін айыптаған болатын.

Петропавл қалалық сотының 2012 жылғы 27 наурыздағы үкімімен Н.Беленков ҚК 308-бабының 2-бөлігі бойынша 2 жыл сынақ мерзімімен 2 жылға шартты түрде сотталған.

Бірақ Солтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасы 2012 жылғы 26 маусымда сотталған азаматтың қылмыс жасауға қатысуы дәлелденбегендіктен ақталған және бұл кассациялық сатыда өзгеріссіз қалдырылған.

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер бойынша қадағалау сот алқасының қаулысымен ағымдағы жылдың 13 қарашасында Бас Прокурордың наразылығын қанағаттандырды. Бірінші сатыдағы сот үкімі күшінде қалдырылды. Н.Беленков 2 жыл сынақ мерзімімен 2 жылға шартты түрде сотталды. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңның негізінде белгіленген жазаны өтеуден босатылды.