ҚР Бас прокуратурасы жанынан барлық құқық қорғау орғандарына ортақ академия ашылады

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан Бас прокуратурасы жанынан барлық құқық қорғау орғандарына ортақ академия ашылады. Бұл туралы бүгін құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты тұжырымдамасын талқылау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысында ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлім етті.

Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты тұжырымдамасында осындай жаңашылдық көзделіп отырғандығын баса айтқан А.Дауылбаев: «Басым бағыттардың бірі ғылыми және білім беру әлеуетті дамыту болмақ. Қазіргі уақытта Бас прокуратура базасында барлық құқық қорғау жүйесінің ведомствоаралық академиясын құру туралы мәселе қарастырылуда», - деді.