«Жүргізушілік куәліктерді беру процедурасында да жүйелік кемшіліктер бар. Психикалық-неврологиялық және наркологиялық диспансерлердің арнайы есебіндегі азаматтарға куәліктерді беру оқиғалары анықталды», - деді А.Кравченко. Оның сөзіне қарағанда, Солтүстік Қазақстан облысында осындай тіркеуде тұрған азамат жүргізуші куәлігін алып, маршруттық такси жүргізушісі болып орналасып алған. Ол параноидтық шизофрения, суицидке бейім синдромдары бойынша есепте тұрған. Өткен жылдың шілдесінде ол өзіне-өзі қол жұмсап, көз жұмған. Бас прокуратураның мәліметінше, денсаулық сақтау органдарында есепте тұрған азаматтарға жүргізуші куәліктерін беру фактілері жергілікті жерлерде де анықталған. «Ішкі істер органдары мен денсаулық сақтау мекемелерінің мәліметтер базасын ықпалдастыру туралы енгізілген ұсыныс әзірге жүзеге асырылған жоқ. Бұл тұрғыда нормативтік-құқықтық өзгертулер керек. Себебі індетке байланысты азаматтың тіркеуде тұрғандығы жайында деректер дәрігерлік құпия қағидатын сақтайды», - деді ол.
19:53, 10 Маусым 2014
ҚР Бас прокуратурасы жүргізуші куәліктерін жүйке ауруына шалдыққан азаматтарға беру фактілерін анықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы жүргізуші куәліктерін жүйке ауруына шалдыққан азаматтарға беру фактілерін анықтады. Бұл туралы бүгін Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің жиналысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мәлім етті.