ҚР Бас прокуратурасында адам саудасына қарсы тұру саласындағы қылмыстық заңнаманы жаңарту мәселелері талқыланды
Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында екіжақты құқықтық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Қазақстанның құқықтық заңнамасын реформалау және жаңғырту, сондай-ақ адам саудасына қарсы күрес саласында ынтымақтасу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
А.Дауылбаев қонақты прокуратура органдарының басым бағыттары, Қазақстанда мигранттардың құқықтарын қорғау және заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласында қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.
Халықаралық ұйымның өкілі жылы лебізді қарсы алу үшін ризашылығын білдіріп, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға үміттенетінін айтты.
Кездесу нәтижесінде тараптар адам саудасына қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша Өзара түсіністік меморандумына қол қоюға уағдаласты.