Көктем мерекесі қарсаңында заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға сіңірген еңбектері ескеріле отырып, прокуратура органдарының үлгілі қызмет атқарған ардагер және қызметкер әйелдері қадағалау органының ведомстволық наградаларымен марапатталды.
Өзінің құттықтау сөзінде Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель Елбасының Жолдауында айқындалған гендерлік саясатты одан әрі нығайту жұмыстарының нәтижелі жүргізіліп жатқанына, әйелдер қауымының прокуратура органдарында және тұтастай алғанда қоғамымызда ерекше орын алатынына тоқталып өтті.
Салтанатты жиналыс соңында прокуратура қызметкерлері әзірлеген мерекелік концерт болды.