ҚР Бас прокуратурасында кеңейтілген шұғыл кеңес болып өтті

None
АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Әділет және Ішкі істер министрліктері басшыларының қатысуымен ҚР Бас прокурорының орынбасары Асқар Секішевтің төрағалығымен кеңейтілген шұғыл кеңес болып өтті.
ҚазАқпаратқа ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағанындай, шұғыл кеңестің күн тәртібіне Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті басқармасының ЕС-164/3 мекемесіндегі сотталғандардың жақында болып өткен дене мүшесін топтық зақымдаушылық және Алматы қаласындағы тергеу абақтысынан қамаудағылардың топтық қашу фактісін тексеру қорытындылары шығарылды.Тексеру қорытындылары бойынша ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бұйрығымен кінәлі лауазымды қызметкерлер қатаң тәртіптік жазаға тартылды және 13 қызметкер қызметтерінен босатылды. Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының прокурорларына ҚР Әділет министрлігінің ҚАЖ комитеті аумақтық басқармаларының және олардың бөлімшелерінің қызметін қадағалауды күшейту тапсырылды.ҚР Әділет министрлігінің ҚАЖ комитетіне еркінен айыру орындарындағы ахуалды сауықтыру, кадр жұмысын ұйымдастыру тұрғысын өзгерту, тәртіп пен заңдылықты нығайту жөнінде жеке құраммен тәрбие жұмысын жүргізу, төтенше жағдайлардың алдын алу үшін ҚАЖ мекемелерін бақылау, іздестіру және тыйым салынған заттарды анықтау құралдарымен жабдықтау жөнінде шаралар алу ұсынылды.