Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу барысында заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы әрекет ету, қылмыстық қудалау органдарына қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды электронды түрде тіркеуді енгізу (электронды АЕК) мәселелері қаралды.
Еліміздегі маңызды қоғамдық-саяси оқиға қарсаңында Бас Прокурор сайлау туралы заңнама талаптарының бұлжытпай сақталуын қамтамасыз етуді және азаматтардың сайлау құқықтарының бұзылу фактілері туралы шағымдарға жедел мән беруді талап етті.
Үйлестіру Кеңесі есірткі сату және оның контрабандасымен күресте құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылын күшейтуге, ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне, оның ішінде трансұлттық ұйымдасқан топтардың қызметіне тосқауыл қоюға бағытталған кешенді шаралар қабылдады.
Отырысқа қатысушылар жекелеген құқық қорғау органдарына енгізілген қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды электронды тіркеу жүйесінің жоғары нәтижелілігін және келешегі бар екендігін атап көрсетті. Осыған байланысты, барлық мүдделі органдарға аталған озық жаңалықтарды енгізу бойынша шара қабылдау ұсынылды.