Алқалы жиын барысында құқықтық статистикалық ақпараттардың расталуын қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша прокуратура органдары қабылдап отырған шаралар талқыланды.
Статистикалық ақпараттарды толық және объективті қамтамасыз ету үшін ұсынылып отырған ақпараттардың тиімділігін және расталуын едәуір арттыруға, құқық қорғау және сот органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін статистикалық есеп берулерді кезең-кезеңмен автоматтандыру қажет екендігі атап өтілді.
Отырысқа қатысушылар талқыланған мәселелер бойынша прокуратура органдарының қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныстарын білдіріп, олардың орындалуы бойынша ұсынымдар әзірледі.
Жиынға қоғамдық кеңестің мүшелері, «Нұр Отан» ХДП өкілдері, Парламент депутаттары, құқықтанушы-ғалымдар, қоғамдық ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдардың өкілдері қатысты.