ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің басқармаларында ашық есік күні өтті

АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат – Сейсенбіде ҚР Бас прокуратурасының Астана қаласы және Орталық көлік аймағы бойынша құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің басқармаларында ашық есік күні өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шараға Астана қаласы және Орталық көлік аймағы бойынша мемлекеттік органдардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ Еуразиялық гуманитарлық институт пен «Тұран» университетінің студенттері қатысты. Оның мақсаты ? мемлекеттік органдарды, заңды және жеке тұлғаларды біртұтас статистикалық ұстанымдар мен стандарттар негізінде аймақтардағы заңдылықтар мен құқық тәртібінің жағдайы, сондай-ақ ақпараттық-анықтамалық қызмет туралы ақпараттармен қамтамасыз ету. Ашық есік күні ауқымында көрме өткізілді және ақпараттық-анықтамалық материалдар мен басқармалардың статистикалық жинақтары таратылды.