заңдылық және құқық мәселелерін зерттеу институты 28 ақпан мен 4 наурыз аралығында еліміздегі қала және аудан прокуроры лауазымын атқару мақсатында резервте тұрған азаматтардың біліктілігін арттыру жұмыстарын жүргізеді. Бұл туралы бүгін аталмыш институттың баспасөз қызметінен хабарланды.
Баспасөз өкілдерінің мәліметтерінше, осыған дейін жасалған келісімдер негізінде біліктілікті арттыру курстарына Тәжікстанның прокурорлары да қатысады. Аталмыш шараның мақсаты - прокуратура қызметкерлерінің біліктілік деңгейлерін арттырып, прокуратураның аймақтық органдарын басқаратын жас мамандарды әзірлеу болып табылады. Семинар барысында оған қатысушылар тәжірибе жинақтап, прокуратура қызметімен байланысты жұмыстарды ұйымдастыру шараларымен танысады. Сонымен қатар онда аудандық прокурорлардың Бас прокуратураның Құқықтық статистика мен арнайы есеп комитетімен және Астана қалалық прокуратурасымен байланыс мәселелері пысықталады.