ұл туралы Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Тергеуші топты Қарағанды облысы прокурорының аға көмекшісі Мұхамедкәрім Бектұрсынов басқарады.
«Ағымдағы жылдың сәуір айында Қарағанды облысының прокуроры ҚР ҚК 235 бабы 4 тармағы (ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қоғамдастықты құру және басқару, қылмыстық қоғамдастыққа қатысу) бойынша А.Беляевқа қатысты қылмыстық іс қозғады», деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. Сондай-ақ аталмыш қылмысқа мүлкін тәркілеумен немесе тәркілемей 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы жаза берілетіндігі атап өтілген.
Істің құпия түрде өтіп жатқандығына сілтеме жасай отырып, прокуратураның баспасөз қызметі қылмыстық істі нақты жария етпеді.