Бас прокурар еліміздің заңнамасын ізгілендірудің арқасында қол жеткізілген оң көрсеткіштерге тоқталды.
«Қылмыстық кодекстің бірінші және басты жетістігіне тоқталатын болсақ, оның ізгілігі айтарлықтай артты, жазалау 30 пайызға төмендеді. Егер де ол рецидивист болса, бұрындары ұсақ ұрлық үшін қамауға отырғызылатын. Қазіргі кезде баламалы жазалау түрлері көбірек. Адамдар қоғам мен отбасынан оқшауланбай, түзелу мүмкіндігіне ие»,-деді Ж. Асанов.
Осы орайда ол төрт жыл бұрын Қазақстанда «қамауда отырғандардың санын қысқарту бойынша 10 қадам» жобасы басталғанын еске салып өтті.
«Нәтижесінде еш рақымшылықсыз олардың саны 30 пайызға қысқарды, яғни 52-ден 36 мыңға дейін азайды. Әлемдік түрме рейтингінде Қазақстан 30-шы орыннан 62-ші орынға шықты. Бұл жетістікке рецидивті қылмыстың төмендеуіне байланысты қол жеткізілді»,-деді Бас прокурор.