"Биыл бір күнге, 4 қазанға екі мереке - Йом Кипур мен Құрбан айт тұспа-тұс келіп отыр. Еврей қауымдастығын жылдың ең қасиетті күні Йом Кипурмен, мұсылман қауымдастығын маңызды мейрамдардың бірі - Құрбан айтпен құттықтаймын! Барша қазақстандықтарды, Құдайдың көмегімен осындай діни және мемлекеттік мерекелерді атап өтетін күнге жеткенімен құттықтаймын. Қазақстанда әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді сақтауға мүмкіндік бар. Мемлекет те осыған барлық жағдайларды жасап жатыр.
Бейбітшілік пен амандық тілеймін!", - делінген құттықтауда.