Айта кетейік, коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру мақсатында демалыс күндері шектеу шаралары сақталады.
«Не себепті демалыс күндері локдаунды сақтаймыз? Бірінші мақсат – қол жеткізілген көрсеткіштердің оңтайлы динамикасын сақтау. Инфекцияның таралуында басты себеп не? Ол - адамдардың қарым-қатынасы. Өздеріңіз жақсы білесіздер, демалыс күндері адамдардың өзара қарым-қатынасы көбейеді, тұрғындардың сапарға шығуы артады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде.
Бұдан бұрын хабарланғандай, А. Есмағамбетова Қазақстанда қатаң шектеу шаралары енгізілгеннен бастап, коронавируспен сырқаттанушылықтың тәуліктік өсімі 0,5 пайызға дейін төмендегенін айтты.