Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.
Алқа мәжілісінің күн тәртібіндегі маңыздың мәселелердің бірі ретінде ағымдағы жылы қаңтардың 29-ындағы Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында алда тұрған міндеттерді талқылау болды.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылы агенттік экономиканың негізгі салаларындағы бәсекелестікті дамыту бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен өзара байланысты жалғастырады. Сонымен қатар дәрі-дәрмек, қаржы қызметтері, жанар май, құрылыс заттары, азық-түлік және жеміс-жидек нарықтарындағы жағдай жіті қадағалауға алынатын болады.
Ағымдағы жылғы сәуірдің 1-інен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақыларының өсуіне байланысты бағаның негізсіз өсуі мүмкінді фактілерінің жолын кесуге ерекеше назар аударылады.
Бәсекелестікті дамыту жөніндегі барлық іс-шаралар агенттік әзірлеп жатқан 2010-2014 жылдарға арналған бәсекелестікті дамыту жөніндегі бағдарламасында көрініс табатын болады.
Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында тауарлар тобына 10 сараптама жүргізіліп, экономикалық шоғырландыруға қатысты 103 өтініш қаралды және монополияға қарсы заңнама нормаларының бұзылуына 61 тергеу тағайындалды.
«Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, 2009 жылы салынған айыппұл санкцияларын есептегенде 13 миллионнан астам теңге бюджетке түсті», делінген баспасөз хабарламасында.