Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Тергеу барысында КазкоммерцБанк кредит беру шарттары негізінде өз клиенттерін (заңды тұлғаларды) барлық ақша айналымы аударымын және барлық есеп айырысу-кассалық операцияларды тек қана өзінің бөлімшелері арқылы жүзеге асыруға мәжбүрлегені анықталды.
Сонымен бірге, КазкоммерцБанктің осы талаптары Банк қызметі туралы заңнамада көзделмеген.
Банктің банк қарызы шартына қарыз алушының барлық есеп айырысу-кассалық операцияларды банкке аударуы бойынша талабын енгізуі қызмет көрсету талаптары клиент үшін неғұрлым тиімді болып табылатын басқа банктерде банк шоттарын ашу бойынша қарыз алушының құқығын шектейді («Банктер туралы» ҚР Заңының 33-бабының 2-тармағы).
Ведомствоның атап өтуінше, КазкоммерцБанктің қосымша талаптарды орындай отырып кредит беруге, сондай-ақ клиентті жасалған шарттардан бас тартуға мәжбүрлеуге қатысты іс-әрекетіне монополияға қарсы заңнамада («Бәсекелестік туралы» ҚР Заңының 16, 22, 25-баптары) тыйым салынған.
Жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша КазкоммерцБанкке қатысты монополияға қарсы тиісті шаралар қабылданатын болады.