деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.
Л.Танысбай 1973 жылы туған. 1993 жылдан бастап телеарналарда жұмыс істеген. ҚР байланыс және ақпарат вице министрі болып тағайындалғанға дейін «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Оның «Хабар» агенттігінде, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінде, ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс тәжірибесі бар.
Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңа сапалы деңгейге көтеру мәселесіне баса назар аударған А.Жұмағалиев жаңа вице- министрдің алдына ақпарат саласын дамыту бойынша нақты тапсырма жүктеді.